Ғалымжан Кенжебектің "Елімай" клубындағы мансабы аяқталды
«Елімай» клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды malimsports.kz Семей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімдемеге сәйкес, Кенжебек «Елімай» клубынан тараптардың өзара келісімі бойынша кетіп отыр.
Ғалымжан Кенжебек 2025 жылдың ортасында Семей командасына қосылған және құрамында 11 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін БАҚ Кенжебектің Ресейдің «Ахмат» клубына өтуі мүмкін екені туралы хабарлаған еді. Бұл клубта Қазақстан құрамасының тағы бір шабуылшысы Максим Самородов ойнайды. Ресейлік клубтың бас бапкері - Станислав Черчесов.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған