Ғалымжан Кенжебек мансабын Еуропада жалғастыруы мүмкін
Қазақстан құрамасының және семейлік «Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек мансабын неғұрлым бәсекелі командада жалғастыруға ниетті. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Кенжебектің «Астана» клубына ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Алайда, әзірге астаналық клуб футболшыға ресми ұсыныс жасаған жоқ.
22 жастағы вингердің айтуынша, ол Еуропаға ауысуға мүдделі және қазірдің өзінде Шотландия, Словакия және Ресейдің бірнеше клубтарынан нақты нұсқалар бар.
Соған қарамастан, «Астана» нұсқасын да жоққа шығармайды, өйткені оның отбасы ел астанасында тұрады.
Кенжебектің болашағына қатысты нақты шешім ағымдағы маусым аяқталған соң белгілі болады.
Айта кетсек, Ғалымжан Кенжебек 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы ойында дубль жасап, бір нәтижелі пас берген болатын.
Ал ҚПЛ-2025 маусымында оның еншісінде 5 гол және 2 ассист бар.
Фото: Нұрғали Жұмағазы
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған