457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футзалдан ұлттық құрама көшбасшысы маңызды матч алдында жарақат алды

Қазақстан құрамасының көктемгі оқу-жаттығу жиыны 5-15 сәуір аралығында өтеді.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы жолдастық кездесулер алдында маңызды ойыншысынан айырылды.

«Қайрат» клубының ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алып, Әзербайжанмен өтетін матчтарға қатыса алмайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, Тұрсағұлов жарақатты Қазақстан чемпионатының 38-туры аясында «Ақтөбе» клубына қарсы өткен кездесуде алған. Медициналық тексеріс нәтижесі оның алдағы ойындарға қатыса алмайтынын көрсеткен.

Айта кетейік, Дәурен Тұрсағұлов сәуір айындағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған 16 ойыншының қатарында болған және ұлттық құраманың негізгі көшбасшыларының бірі саналады.

Қазақстан құрамасының көктемгі оқу-жаттығу жиыны 5-15 сәуір аралығында өтеді. Жиын аясында бас бапкер Какау шәкірттері Әзербайжан құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 13 және 15 сәуір күндері Ақтау қаласында жоспарланған.

Фото: "Қайрат" футзал клубының баспасөз қызметі