457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Ол бірнеше мәрте «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткер атанған

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силвамен, яғни Какамен, еңбек келісімшартының мерзімі аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді.

Бразилиялық маман 2018 жылдан бері Қазақстан құрамасын жаттықтырып, жеті жыл ішінде ел футзалының жаңа дәуірін қалыптастырды. Оның жетекшілігімен ұлттық құраманың ойын мәнері, тәртібі мен ұйымдастыру деңгейі едәуір жоғарылады.

Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлем және Еуропа ареналарында зор табыстарға жетті. 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында біздің команда алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды - бұл еліміздің футзал тарихындағы ең үлкен жетістік болып саналады.

Ал 2022 жылы өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан плей-офф кезеңіне дейін жетіп, Өзбекстандағы іріктеу додасында қайтадан үздік сегіз құраманың қатарына енді.

Кака кезеңінде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық деңгейде мойындалды. Ол бірнеше мәрте «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткер атанды.

Қазақстан футзалының дамуына қосқан зор үлесі үшін Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.

Фото: ҚФФ