457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футзалдан Қазақстан құрамасының 2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеуіндегі қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2028 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңі негізгі раундындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жеребе тарту рәсімі УЕФА-ның Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде өтті.

ҚФФ мәліметінше, іріктеудің негізгі кезеңінде 36 ұлттық құрама бақ сынайды. Командалар үш құрамадан 12 топқа бөлінді. Матчтар үйде және сырт алаңда өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-топқа түсіп, Беларусь және Албания құрамаларымен кездеседі.

Негізгі раунд матчтары 2026 жылғы 12-21 қазан, 2-11 қараша, 6-9 желтоқсан аралығында және 2027 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді.

Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша барлық 12 топтың жеңімпазы мен екінші орын алған үздік төрт құрама элиталық раундқа тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде әлем чемпионатының келесі сатысына шығу үшін күресін жалғастырады.

 

Фото: ҚФФ