457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футзалдан «Қайрат» клубы құрамын португалиялық ойыншымен толықтырды

Уго Невеш – Португалия футзал құрамасының ойыншысы

Алматылық «Қайрат» футзал клубы португалиялық шабуылшы Уго Мигел Невеш Силваны өз құрамына қосқанын ресми түрде хабарлады. Ойыншы маусым соңына дейін «Брага» клубынан жалға алынды.

Уго Невеш – Португалия футзал құрамасының ойыншысы. Ол ұлттық құрама сапында 29 матч өткізіп, 2026 жылы өтетін Еуропа чемпионатына кеңейтілген құрамға енген.

Ойыншы профилі

Позициясы: шабуылшы

Туған күні: 2000 жылдың 5 мамыры

Бойы / салмағы: 182 см / 80 кг

Азаматтығы: Португалия

Клубтық мансабы

AMSAC (2008–2010)

«Спортинг» (2011–2024)

«Элетрико» ФК (2021–2022)

«Брага» (2024–2025)

Жетістіктері

Финалиссима чемпионы (Португалия)

Чемпиондар лигасының жеңімпазы («Спортинг»)

Португалияның үш дүркін чемпионы («Спортинг»)

Португалия Суперкубогының екі дүркін иегері («Спортинг»)

Португалия кубогының иегері («Спортинг»)

Лига кубогының екі дүркін жеңімпазы («Спортинг»).

Фото: ©instagram.com/neves__17/