457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футзалдан ел чемпионатының финалында жеңілген «Семей» екі тәжірибелі ойыншысымен қоштасты

«Семей» футзал клубы қазақстандық ойыншылар Арнольд Кнауб пен Ержан Карменовтің командадан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Клубтың әлеуметтік желідегі мәліметіне сәйкес, қос футзалшы жаңа маусым қарсаңында семейлік ұжыммен қоштасты.

Арнольд Кнауб командаға өткен маусымның басында қосылып, 55 матчта алаңға шығып, 18 гол соқты. Сонымен қатар «Семей» сапында Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды.

Ержан Карменов клуб намысын үш маусым бойы қорғады. Осы уақыт ішінде ол 149 матч өткізіп, 41 голдың авторы болды. Карменов «Семеймен» бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын екі рет жеңіп алды.

Айта кетейік, өткен маусымда «Семей» футзалдан Қазақстан чемпионатының финалына дейін жеткенімен, шешуші серияда алматылық «Қайратқа» бес матчтың қорытындысы бойынша есе жіберген болатын.

 

Фото: "Семей" ФК