Мәзір
Футбол

Футзалдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының тұңғыш жеңімпазы анықталды

Сабина Асқарқызы 152 қаралым
Футзалдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының тұңғыш жеңімпазы анықталды

Алматы қаласында әйелдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған Қазақстан кубогы мәреге жетті.

Бұл турнирге еліміздің көптеген өңірінен келген 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда Korkyt Ata University командасы үздік нәтиже көрсетті. Қызылордалық арулар финалда Шымкент қаласындағы Dostyk University командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша әйелдер арасындағы қызылордалық клуб Қазақстан кубогінің алғашқы иегері болды.

Алматының «Қайрат» командасы мен «Ақтөбе» ұжымы қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде алматылықтар 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар