Футзал: «Семей» Алматының «Қайрат» клубын ірі есеппен жеңді

Футзалдан Қазақстан чемпионатындағы кезекті турда басты назардағы матч «Семей» мен «Қайрат» арасындағы ойын болды. Соңғы жылдары ел біріншілігінің алтын медалі үшін үзбей бәсекелесіп келе жатқан қос команда бұл жолы да үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Семейлік клуб қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жанкүйерлерін қуантты. Қорытынды есеп — 10:4 «Семейдің» пайдасына. Бұған дейін, 27 қыркүйекте өткен кездесуде де олар алматылық ұжымды 5:2 есебімен жеңген болатын.
Турдың өзге нәтижелері:
27 қыркүйек
«Байтерек» (Орал) – «Тұлпар» (Қарағанды) 3:2
«Астана» – «Ақтөбе» 3:4
«Қарағанды» – «Жетісу» (Талдықорған) 3:0
«Шымкент» – «Аят» (Рудный) 0:6
28 қыркүйек
«Байтерек» – «Тұлпар» 2:3
«Астана» – «Ақтөбе» 0:7
«Қарағанды» – «Жетісу» 4:1
«Шымкент» – «Аят» 4:5
Бұған дейін, 25-26 қыркүйек күндері, ақтаулық «Каспий» «Атырауды» 3:2 есебімен жеңіп, кейінгі ойында тең түскен (0:0).
Алдағы ойындар
Футзалдан ел біріншілігінің 5-6 тур матчтары 4-5 қазан күндері өтеді. Биылғы маусымда жарыс жолына 12 команда түсіп отыр.


Ең көп оқылған
