457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футзал: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстанды жеңді

Қазақстанның футзал құрамасы Өзбекстан командасымен екінші жолдастық кездесу өткізіп, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

 Ойын Ташкент қаласында өтіп, 5:2 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Матч тартысты басталғанымен, негізгі уақытта Қазақстан толық үстемдік құрды. Команданың белсенді ойынын Альберт Ақбалықовтың дублі айшықтады. Сонымен қатар Азат Валиуллин, Біржан Оразов және Ақжол Дәрібай бір-бірден гол соғып, жеңісті түйіндеді.

Бұл екі құраманың екінші жолдастық ойыны болды. Бұған дейін, 14 қазан күні өткен алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен ұтылып, жалғыз голды Александр Дерябин соққан еді.

Осылайша, Рикардо Кака шәкірттері қарсыластан кеткен есесін қайтарып, өз қателіктерін түзетті.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған. Ал Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне іріктеу кезінде Италияға жол беріп, жарыс жолынан шыққан болатын.

 

 

Фото: ҚФФ