Мәзір
Футбол

Футболдан жастар құрамасының бас бапкері тағайындалды

Сабина Асқарқызы 234 қаралым
Футболдан жастар құрамасының бас бапкері тағайындалды

Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, 50 жастағы Андрей Ферапонтов жастар құрамасының (U-21) бас бапкері міндетін атқарушы қызметіне кірісті.

Ол Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі қарашадағы екі матчта командаға жетекшілік етеді. 13 қарашада Словакиямен, ал 17 қарашада Молдовамен кездесу өтеді.

Ферапонтов бұған дейін Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларында (U-17) бас бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеген.

Фото: "Оқжетпес" футбол клубы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар