457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысының әкесі дүниеден өтті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, қазіргі таңда «Оңтүстік» футбол академиясында бапкер болып қызмет ететін Азат Нұрғалиевтің әкесі Мәлік Нұрғалиев өмірден озды, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Қазақстан футбол федерациясы Азат Нұрғалиевке әкесінің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Адам өміріндегі ең ауыр сынақтың бірі – асқар тау әкеден айырылу. Осы қиын сәтте марқұмның отбасы мен жақындарына сабыр тілейміз. Тағдырдың жазуына бекем болғайсыздар. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын. Орны толмас қайғының арты қайырлы болғай», – делінген Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Азат Нұрғалиев Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 44 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанған.

 

Фото: ҚФФ