457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан Қазақтан құрамасы Бельгиядан ірі есеппен жеңілген соң бас бапкер қызметінен кетті

Бұл шешім Бельгиядан алған ауыр жеңілістен кейін қабылданды.

Әли Әлиев Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен отставкаға кетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл шешім Бельгиядан алған ауыр жеңілістен кейін қабылданды. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде отандық команда тұрақсыз ойын көрсетіп, нәтижесінде күтілген деңгейге жете алмай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Брюссельде Бельгиямен кездесіп, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Қақпаны Мұхамеджан Сейсен қорғады. Алаң иелері қатарынан Кевин Де Брюйне мен Доку екі-екі гол соқса, Раскин мен Менье бір-бірден есепті толықтырды.

Осыған дейін, Әлиевтің шәкірттері Астанада өткен ойында Уэльспен 0:1 есебімен ұтылды. Жалпы, іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы 5 матч өткізіп, тек бір рет – Люксембургке қарсы ойыннан жеңіспен оралды.

Әли Әлиев бұл қызметке биыл қаңтар айында келген болатын. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовтың орнын басқан болатын. 

Фото: ҚР футбол федерациясы