457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Словения турнирін жеңіспен бастады

Жас футболшылар енді Біріккен Араб әмірлігі (БАӘ), Шотландия және Исландия құрамаларымен кездеседі.

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтіп жатқан «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турнирініндегі алғашқы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жас футболшылар енді Біріккен Араб әмірлігі (БАӘ), Шотландия және Исландия құрамаларымен кездеседі.

Отандық футболшылар алғашқы ойында БАӘ құрамасын 5:1 есебімен сенімді түрде жеңе білді. Ұлттық құрамадан Әбіш Мұхаммедәли екі гол соқса, Исмаил Бекболат, Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик қарсыластар қақпасынан саңылау тапты.

Айта кететін жайт, бұл топта Словения футболшылары Шотландия құрамасынан 3:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ аталған турнирге Әзірбайжан, Польша, Фарер аралдары және Словения құрамалары да өнер көрсетеді.

Құраманың аға бапкері Кирилл Кекер бұл құрамға төмендегі ойыншыларды шақырған болатын.

Қақпашылар: Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кеңесбеков (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Дарын Оспанов («Ақтөбе»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Ертіс»);

 

Жартылай қорғаушылар: Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик, Мұхамедәли Әбіш (бәрі – «Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»);

Шабуылшылар: Карим Махаметжан, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Арсен Ахметов («Астана»), Бақдәулет Нұралы («Ордабасы»).