457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері басты мақсатын айтты

Нидерландтық маманның сөзінше, ұлттық құрамаға шақырылатын футболшылар ең алдымен жоғары деңгейде өнер көрсетуге қажетті қасиеттерге ие болуы керек.

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Джон ван ’т Схип командадағы ойыншыларды іріктеу талаптары мен алдағы Ұлттар лигасындағы міндеттер туралы айтты, деп жазады malimsports.kz

Нидерландтық маманның сөзінше, ұлттық құрамаға шақырылатын футболшылар ең алдымен жоғары деңгейде өнер көрсетуге қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Сонымен қатар бапкерлер штабы бұған дейін құрама сапында көп ойын өткізген футболшыларды бақылауды жалғастырып, жаңа ойыншыларға да мүмкіндік бермек.

«Ұлттық құраманың есігі барша футболшыға ашық. Кез келген ойыншы өз ойынымен лайықты екенін дәлелдесе, құрамаға шақырту ала алады», - деді Джон ван ’т Схип.

Бас бапкер физикалық дайындықтың да маңызды екенін атап өтті. Қазақстан құрамасы қысқа уақыт ішінде төрт матч өткізетіндіктен, ойыншылардың толық 90 минутқа немесе кездесудің белгілі бір бөлігін жоғары қарқынмен өткізуге дайын болуы қажет. Сондай-ақ әр позицияда кемінде екі футболшыдан болғанын қалайтынын жеткізді.

Ван ’т Схиптің айтуынша, құраманың басты мақсаты – Ұлттар лигасында сапалы футбол көрсетіп, барынша көп ұпай жинау және турнир кестесінде жоғары орынға таласу. Ал түпкі мақсат – бірінші орынға ұмтылу.

«Әрдайым максималды нәтижеге ұмтылуымыз керек. Бұл – бірінші орын. Оған қол жеткізе аламыз ба, оны матчтар көрсетеді. Бірақ біз командамыздың мүмкіндігіне сенеміз және осы мақсат үшін күресе алатынымызға күмәніміз жоқ», - деді маман.

Еске салайық, 7 тамызда Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Схипті ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындағанын ресми түрде жариялады. Оның жаттықтырушылар штабына Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов – ассистент, Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы, Вадим Боровский – дене дайындығы бойынша жаттықтырушы және Тимур Кусаинов – сарапшы ретінде кірді.

Фото: ҚФФ