Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды
Астанада өткен FIFA Series 2026 турнирінде Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың екінші ойынында Қазақстан құрамасы Комор аралдары командасымен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық футболшылар белсенді ойын өрнегін көрсетіп, жылдам гол соғуға ұмтылды. Нәтижесінде матчтың 3-минутында Рамазан Оразов қарсылас қателігін тиімді пайдаланып, есеп ашты.
Екінші таймда екі команда да есепті өзгертуге мүмкіндік алғанымен, оны пайдалана алмады. Нәтижесінде матч 1:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде екі ойында да жеңіске жетіп, FIFA Series 2026 додасының жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, отандастарымыз алғашқы кездесуде Намибияны 2:0 есебімен жеңсе, Комор аралдары Намибиядан пенальти сериясында 4:5 есебімен ұтылған еді.
Фото: ҚФФ
Ең көп оқылған