Мәзір
Футбол

Футболдан Германия чемпионатының екінші ойыны кейінге қалдырылды

Сабина Асқарқызы 127 қаралым
Футболдан Германия чемпионатының екінші ойыны кейінге қалдырылды

10 қаңтарда Бремен қаласында «Вердер» және «Хоффенхайм» командалары арасында өтуі тиіс болған Германия чемпионатының 16-шы турындағы матч ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Матчтың тоқтатылуы стадиондағы кіреберістер мен көрермендер аймақтарында, сондай-ақ жол айрықтарында мұз қатып, сондай-ақ стадион аумағында қалың қар жинақталуы себеп болып отыр. Бұл жағдайлар төтенше және эвакуациялық жолдарды қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін шектейді.

Турнир кестесіне келетін болсақ «Вердер» – 10-шы (17 ұпай), ал «Хоффенхайм» – 5-ші орында (27 ұпай) тұр. 

Айта кетейік, 16-шы турдың басқа бір ойыны - «Санкт-Паули» және «РБ Лейпциг» арасындағы матч та осындай себеппен кейінге қалдырылған.

Фото: Ашық дереккөзден

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар