457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан Еуро-2028 финалы өтетін стадион анықталды

Төртжылдықтың басты додосына 24 команда қатысады. Оның 20-сы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады. 

2028 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының финалдық матчы Лондонда орналасқан «Уэмбли» стадионында өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

El.kz интернет порталының мәліметінше, «Уэмбли» стадионы екі жартылай финалдық ойынды да қабылдайды. Шешуші кездесу 9 шілде күні өтеді. Сонымен қатар, ашылу салтанаты 9 маусымда Кардифф қаласындағы «Принципалити» стадионында өтеді.

Еуро-2028 турнирі Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияда өтеді.

Төртжылдықтың басты додосына 24 команда қатысады. Оның 20-сы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады. 
12 топ жеңімпазы және өз топтарында екінші орын алған үздік 8 команда жолдама үшін таласады.

Тағы екі жолдама өз топтарында екінші орын алған қалған құрамалар мен Ұлттар лигасында жақсы нәтиже көрсеткен, бірақ турнирге тікелей өте алмаған командалар арасында ойнатылады.

Турнир иелері үшін UEFA екі орын қалдырды. Бұл жолдамалар іріктеу нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие елдерге беріледі.

Фото: Ашық дереккөзден