457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан еліміздің жастар құрамасы Англиямен кездеседі

Қазақстан жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен ойнайды

Қазақстан жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен ойнайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жастар құрамасы 5 маусым күні Астанада Андоррадан 1:0 есебімен басым түсті. Ал 9 қазанда 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андоррамен ойнайды. 

Аға бапкер Денис Мамонов жетекшілік ететін құраманың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматы қаласында басталады. Құрамға 24 ойыншы енді.

Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев («Шахтер»), Дулат Талыспаев («Кёге», Дания), Әбілқайыр Алиакбар («Алтай»);
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де — «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»), Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де — «Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»);
Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де — «Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Шахтер»), Рамазан Бағдат («Қайрат»);

Құрлықтық доданың іріктеу кезеңі 2026 жылдың 6 қазанында мәресіне жетпек.