Мәзір
Футбол

Футболдан бірінші лигада тартысты ойындар өтті

Сабина Асқарқызы 276 қаралым
Футболдан бірінші лигада тартысты ойындар өтті

Қазақстан бірінші лигасында өткен тур ойындары қызықты нәтижелермен есте қалды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

«Ақтөбе-2» өз алаңында «Тараздан» 0:4 есебімен ойсырай жеңілді. Ал Павлодар облысының «Екібастұзы» ақтаулық «Каспиймен» тең түсті – 1:1. Сондай-ақ, «Хан тәңірі» (Алматы) мен «SD Family» (Астана), AKAS (Алматы) пен «Алтай» (Өскемен) арасындағы кездесулер де 1:1 есебімен аяқталды.

19 қыркүйекте жалғасқан ойындарда алматылық «Қайрат-2» шымкенттік «Академия Оңтүстігіне» 0:3 есебімен жол берді. Қарағандының «Шахтері» Түркістан облысының «Жетісайын» ірі есеппен – 5:0 жеңсе, Павлодар облысының «Ертісі» «Түркістанды» 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Турнир кестесінде биылғы маусым аса шиеленісті өтіп жатыр. Жиырма бір турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер» және «Алтай» үздіктер қатарында. Ал алғашқы үш орын иегерлері келесі жылы Премьер-лигаға тікелей жолдама алады. Сарапшылардың болжамынша, биылғы маусымда «Шахтер», «Ертіс» және «Каспий» Премьер-лигаға негізгі үміткерлер болып отыр.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар