Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі сәуір айында басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Биыл жарысқа 14 команда қатысады деп жоспарланып отыр. Қатысушылар тізімі лицензиялау рәсімі аяқталғаннан кейін нақтыланады.
Премьер-лига жолдамасына үміткерлер қатарында Тұран (Түркістан), Шахтер (Қарағанды) және Тараз (Жамбыл облысы) бар.
Өткен маусымда Бірінші лигада үздік үштікке енген Каспий, Ертіс және Алтай Премьер-лигаға көтерілген еді. Ал элиталық дивизионда соңғы орын алған «Тұран» биыл Бірінші лигада бақ сынайды.
Фото: "Шахтер" ФК