457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Алғаш рет 48 құрама қатысатын додада барлық командалар өз қарсыластарын білді.

АҚШ астанасы Вашингтонда футболдан 2026 жылы өтетін тарихтағы ең ірі әлем чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тартылды.

Алғаш рет 48 құрама қатысатын додада барлық командалар өз қарсыластарын білді.

Ресми бөлім алдында ауқымды шоу ұйымдастырылып, ФИФА президенті Джанни Инфантино АҚШ президенті Дональд Трампқа ФИФА-ның алғашқы «бейбітшілік сыйлығын» табыстады. Жеребеге АҚШ, Мексика және Канада басшылары да қатысты.

Тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына шыққан Өзбекстан құрамасы K тобына түсті. Онда олар мыналармен кездеседі:

Португалия

Колумбия

ФИФА плей-офф жеңімпазы (Жаңа Каледония / Ямайка / ДР Конго)

Бұл – Өзбекстан үшін ерекше тарихи мүмкіндік.

A тобы: Мексика, ОАР, Оңтүстік Корея, Дания / Солтүстік Македония / Чехия / Ирландия
B тобы: Канада, Италия / Солт. Ирландия / Уэльс / Босния және Герцеговина, Катар, Швейцария
C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия
D тобы: АҚШ, Парагвай, Австралия, Түркия / Румыния / Словакия / Косово
E тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д’Ивуар, Эквадор
F тобы: Нидерланд, Жапония, Украина / Швеция / Польша / Албания, Тунис
G тобы: Бельгия, Египет, Иран, Жаңа Зеландия
H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай
I тобы: Франция, Сенегал, Ирак / Боливия / Суринам, Норвегия
J тобы: Аргентина, Алжир, Австрия, Иордания
K тобы: Португалия, ДР Конго / Жаңа Каледония / Ямайка, Өзбекстан, Колумбия
L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама

Әзірге 42 құрама ғана өз орнын иеленді. Қалған алты жолдама UEFA-дағы төрт плей-офф пен екі құрлықаралық матчтың қорытындысы бойынша берілмек.

Турнир туралы

Уақыты: 11 маусым – 19 шілде 2026 жыл

Өтетін елдер: АҚШ, Канада, Мексика

Матч ашылуы: Мексика – ОАР

Финал: Нью-Джерсидегі «MetLife Stadium»

2026 жыл – әлем чемпионатының жаңа форматы: 48 команда, 12 топ, плей-офф 1/16 финалдан басталады.

Фото: Jeenah Moon / Reuters