457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезең құрамында қай елдер ойнайды?

Турнир тарихта алғаш рет үш елдің – АҚШ, Мексика және Канаданың аумағында өтеді.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым күні Мехикодағы «Ацтека» стадионында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы матчпен басталадыдеп хабарлайды malimsports.kz

Турнир тарихта алғаш рет үш елдің - АҚШ, Мексика және Канаданың аумағында өтеді.

2026 жылғы әлем чемпионатына рекордтық көрсеткіш бойынша 48 құрама қатысады. Бұл 1998 жылдан бері ұйымдастырылған соңғы жеті әлем чемпионатымен салыстырғанда 16 командаға көп. Қатысушылар 12 топқа бөлінген.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтары

А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея, Чехия

В тобы: Канада, Швейцария, Катар, Босния және Герцеговина

С тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия

D тобы: АҚШ, Парагвай, Австралия, Түркия

Е тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д’Ивуар, Эквадор

F тобы: Нидерланд, Жапония, Тунис, Швеция

G тобы: Бельгия, Египет, Иран, Жаңа Зеландия

H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай

I тобы: Франция, Сенегал, Норвегия, Ирак

J тобы: Аргентина, Алжир, Австрия, Иордания

K тобы: Португалия, Колумбия, Өзбекстан, Конго Демократиялық Республикасы

L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама

Плей-офф кезеңіне барлығы 32 құрама жолдама алады. Оның ішінде топтарда бірінші және екінші орын алған 24 команда, сондай-ақ көрсеткіші ең жоғары болған үшінші орын иегерлерінің арасынан 8 құрама келесі кезеңге өтеді.

Тарихта алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңі 1/16 финалдан басталады. Бұған дейін, 1986 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатынан бері плей-офф ойындары тұрақты түрде 1/8 финалдан басталып келген.

Фото: ФИФА