457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан әлем чемпионатында бір күндік көрермен саны бойынша рекорд жаңарды

16 маусым күні өткен матчтарды жалпы саны 281 мың көрермен тамашалаған.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) футболдан әлем чемпионаты аясында жаңа рекорд тіркелгенін хабарлады, деп жазады malimsports.kz. Ұйымның мәліметінше, 16 маусым күні өткен матчтарды жалпы саны 281 мың көрермен тамашалаған. Бұл - әлем чемпионаттары тарихындағы бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Рекорд турнирдің алтыншы күні орнатылды. Сол күні АҚШ-тың бірнеше қаласында топтық кезең ойындары өтті. Атап айтқанда, Канзас-Ситиде Аргентина мен Алжир құрамалары кездессе, Фоксборода Норвегия мен Ирак, Ист-Рутерфордта Франция мен Сенегал, сондай-ақ Канзас-Ситиде Австрия мен Иордания құрамалары өзара бақ сынады.

ФИФА өкілдері рекордтық көрсеткішті футболдың әлем жұртшылығын біріктіретін спорт түрі екенінің тағы бір дәлелі деп бағалап, жанкүйерлерге ерекше атмосфера мен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін ұйым турнирдің алғашқы бес күнінде, яғни 11-15 маусым аралығында матчтарды тамашалаған көрермендер саны 1 миллионнан асқанын мәлімдеген болатын. Осы қарқын сақталса, әлем чемпионаттарының жалпы көрермен саны бойынша бұрынғы рекорд жаңаруы мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтіп жатыр. Байрақты бәсекені АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдауда. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.

Фото: Getty Images