Келесі жылы өтетін футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет үш елдің – АҚШ, Канада және Мексиканың аумағында ұйымдастырылады, деп жазады malimsports.kz.
Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Биылғы додада рекордтық 48 құрама бақ сынайды, бұл 1998 жылдан бері өткен жеті әлем чемпионатындағы көрсеткіштен 16 командаға артық.
Қазіргі таңда чемпионатқа жолдама алған 42 құрама белгілі.
Турнир иелері:
АҚШ, Канада, Мексика
Азия:
Иран, Өзбекстан, Иордания, Оңтүстік Корея, Жапония, Австралия, Катар, Сауд Арабиясы
Оңтүстік Америка:
Аргентина, Эквадор, Колумбия, Уругвай, Бразилия, Парагвай
Солтүстік және Орталық Америка, Кариб аймағы:
Панама, Гаити, Кюрасао
Африка:
Марокко, Тунис, Египет, Алжир, Гана, Кабо-Верде, Оңтүстік Африка, Сенегал, Кот-д’Ивуар
Еуропа:
Англия, Хорватия, Франция, Норвегия, Португалия, Германия, Нидерланды, Бельгия, Испания, Швейцария, Шотландия, Австрия
Тынық мұхиты елдері:
Жаңа Зеландия
Қалған 6 жолдама төмендегідей бөлінеді:
– 4 жолдама — құрлықтық матчтар нәтижесі бойынша;
– 2 жолдама — Азия, Африка, Оңтүстік Америка, Тынық мұхиты және КОНКАКАФ аймағы командалары қатысатын құрлықаралық плей-офф арқылы. Матчтар келесі жылдың наурызында өтеді.
2026 жылғы әлем чемпионатында бірнеше құрама алғаш рет қатыспақ: Өзбекстан, Иордания, Кабо-Верде және Кюрасао құрамалары мундиаль дебютін жасайды.
Фото: Ашық дереккөзден