457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан әлем чемпионаты: қатысушылар және басты фавориттер кімдер?

Биылғы чемпионат рекордтық форматта ұйымдастырылып, оған 48 құрама қатысады.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Бұл тарихта алғаш рет үш мемлекет бірлесіп қабылдайтын әлемдік дода болғалы отыр, деп жазады malimsports.kz

Биылғы чемпионат рекордтық форматта ұйымдастырылмақ. Турнирге 48 құрама қатысады, бұл алдыңғы әлем чемпионаттарымен салыстырғанда 16 командаға көп. Қатысушылар 12 топқа бөлінген.

Әлем чемпионатында алғаш рет Кабо-Верде, Кюрасао, Өзбекстан және Иордания құрамалары өнер көрсетеді.

Топтық кезеңде барлығы 72 матч өтеді. Плей-офф кезеңіне 32 команда жолдама алады. Оның ішінде топ жеңімпаздары, екінші орын алған құрамалар және үздік көрсеткіш көрсеткен сегіз үшінші орын иегері болады.

Сондай-ақ әлем чемпионаты тарихында алғаш рет плей-офф кезеңі 1/16 финалдан басталады. Турнир барысында жалпы саны 104 матч ойналады.

Үшінші орын үшін матч 18 шілдеде Майами қаласында өтсе, финалдық кездесу 19 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «Метлайф Стэдиум» аренасында ұйымдастырылады.

Букмекерлер мен сарапшылардың бағалауынша, турнирдің басты фавориті – Испания құрамасы. Сонымен қатар Франция мен Англия құрамалары да басты үміткерлер қатарында аталып отыр.

Фото: Getty Images