Мәзір
Футбол

Футболдан әйелдер құрамасына шақырту алған футболшылар анықталды

Сабина Асқарқызы 88 қаралым
Футболдан әйелдер құрамасына шақырту алған футболшылар анықталды

Биыл футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.

Қарсыласымыз – Армения мен Беларусь құрамалары. Ойындар наурыз, сәуір және маусым айларында өтеді.

Ұлттық құраманың тізгінін отандық маман Бегайым Қырғызбаева ұстады. Ол өзі бастаған алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 ойыншыны шақырды.

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Казына Норбаева («Гурник Ленчна», Польша), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Анель Бланк («Қызыл-Жар»), Анеля Сұңқарова («Астана»), Анеля Берікова («Будучность», Черногория).

Жартылай қорғаушылар: Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей).

Шабуылшылар:  Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Амина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).

Наурыздың 3 және 7-сі күндері «Астана Аренада» Армения және Беларусь құрамаларымен ойнаймыз.

Бапкерлер штабы: Бегайым Қырғызбаева – бас бапкер, Юлия Ширяева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы, Дмитрий Колбунцов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Расул Маруа – сарапшы бапкер, Мақсат Әмірбай – бейнеоператор, Азамат Оспанов – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Гүлнара Закирова – массажист , Жанболат Тыныбек – әкімші, Серік Жугралин – менеджер.

Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі:

3.03.2026 | 20:00
Қазақстан – Армения

7.03.2026 | 14:00
Қазақстан – Беларусь.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар