Мәзір
Футбол

Футболдан әйелдер құрамасы Мальтада ірі есеппен жеңілді

Сабина Асқарқызы 144 қаралым
Футболдан әйелдер құрамасы Мальтада ірі есеппен жеңілді

Қазақстан құрамасының Еуро іріктеуіндегі матчы төрт голмен аяқталды

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионаты-2025/2026 іріктеу кезеңінің үшінші турында Мальтадан 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу толығымен Мальта командасының бақылауында өтті. Алаң иелері 26-минутта Эмма София Флэнери соққан голдың арқасында есеп ашты. Үзілістен кейін Лексин Фарруджа есепті еселесе, 51-минутта Ниора Селесте кездесуді өздеріне ыңғайлы арнаға бұрды. Қазақстан құрамасы 61-минутта Назым Алданазардың нақты соққысы арқылы ғана жауап берді.

Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты-2025/2026 турнирінің B6 тобында соңғы орынға тұрақтады. Бұған дейін қыздар Латвияға 0:2 есебімен есе жіберіп, дәл сондай нәтижемен Израильден ұтылған болатын.

Қазақстан — Мальта 1:3 (0:1)
Голдар: Флэнери 26 (1:0), Фарруджа 46 (0:2), Селесте 51 (0:3), Алданазар 61 (1:3).

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар