Футболдан Африка кубогының жартылай финалдық матчтары аяқталып, финалға шыққан құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алғашқы жартылай финалда Сенегал құрамасы Мысырды 1:0 есебімен жеңіп, шешуші ойынға жолдама алды. Екінші жартылай финалда жарыс қожайыны Марокко мен Нигерия құрамалары ойнап, пенальти сериясында марокколық футболшылар мергендік танытып, финалға өтті.
Осылайша, турнирдің соңғы кезеңіне шығатын командалар анықталды. Қола жүлде үшін матч 17 қаңтарда Мысыр мен Нигерия арасында өтсе, 18 қаңтар күні Сенегал мен Марокко чемпиондық атақты сарапқа салады.
Фото: әлеуметтік желіден