457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футбол: Жастар құрамасы Түркістанда екі матч өткізеді

Топтағы қарсыластары — Англия, Словакия, Ирландия, Андорра және Молдова.

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Түркістанда өтетін екі ойынының басталу уақыты белгілі болды.

Құрлықтық дода аясындағы Словакия және Ирландия құрамаларына қарсы кездесулер Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді.

Алғашқы матчта қазақстандық футболшылар 27 наурыз күні Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де Словакия құрамасын қабылдайды. Ал 31 наурызда дәл осы уақытта Қазақстан жастары Ирландиямен жасыл алаңда кездеседі.

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеуінің D тобында өнер көрсетіп жатыр. Топтағы қарсыластары — Англия, Словакия, Ирландия, Андорра және Молдова.

Қазіргі уақытқа дейін қазақстандық жас футболшылар бес кездесу өткізіп, бір жеңіс, бір тең ойын және үш жеңіліс тіркеді. Алдымен Андорраны 1:0 есебімен жеңген. Кейін Англиядан 0:2 есебімен жеңіліп, Андоррадан 0:1, Словакиядан 1:2 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ Молдовамен өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі 2025 жылдың 5 маусымы мен 2026 жылдың 6 қарашасы аралығында өтеді.

Бұған дейін қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жастар құрамасының тізгінін ұстады. Ол әр жылдары «Шахтер», «Оқжетпес» клубтарында, сондай-ақ Литваның «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларында қызмет атқарған.

Тәжірибелі маман «Судува» мен «Жальгирис» клубтарымен бірге алты рет ел чемпионы атанып, үш мәрте Литва Кубогын және екі рет Суперкубогын жеңіп алған. Сонымен қатар ол Литвада үш рет жылдың үздік бапкері деп танылған.