Мәзір
Футбол

Футбол клубтарын жекешелендіру 2026 жылдың наурызына дейін толық аяқталады – вице-министр

Сабина Асқарқызы 143 қаралым
Футбол клубтарын жекешелендіру 2026 жылдың наурызына дейін толық аяқталады – вице-министр

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев еліміздегі кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру процесі белгіленген мерзімде аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы кәсіби футболды реформалауға, клубтарды жекешелендіріп, олардың жұмысын коммерциялық негізге көшіруге қатысты нақты тапсырма берген. Бұл міндет өткен жылғы Ұлттық құрылтайда жүктелген болатын.

Қазір осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Премьер-лигада бақ сынайтын 14 клубтың бесеуі қазірдің өзінде жекешелендірілді. Тағы екі клуб бойынша демеушілермен келіссөздер жалғасуда, – деді Серік Жарасбаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге.

Ол сондай-ақ елдегі ірі бизнес өкілдері футболға инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Жекешелендіру клубтарды жеке қолға берумен шектелмейді. Инвесторлар футбол клубының жанынан балаларға арналған футбол академиясын ашуға міндеттеледі. Бұл талап – спортты дамытудағы маңызды элементтердің бірі. Жалпы алғанда, 2026 жылдың наурызына дейін барлық процесс толық аяқталуы тиіс, – деді вице-министр.

 

 

 

Фото: Шахтер ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар