457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Франция Реал» дәрігерлерінен зардап шеккен екінші футболшыны атады

Камавинга «Атлетик» (Бильбао) командасына қарсы матчта сол жақ тобығынан жарақат алған.

Францияның L’Equipe басылымының мәліметінше, мадридтік «Реалдың» медициналық штабы жартылай қорғаушы Эдуардо Камавинга-ның жарақатын анықтау кезінде қателік жіберген, деп жазады malimsports.kz

2025 жылғы 3 желтоқсанда Камавинга «Атлетик» (Бильбао) командасына қарсы матчта сол жақ тобығынан жарақат алған. Алайда дереккөздің хабарлауынша, клуб дәрігерлері футболшының оң аяғына магниттік-резонанстық томография (МРТ) жасап, ешқандай жарақат анықталмағанын айтып, ойыншыны толық сау деп таныған.

Нәтижесінде 23 жастағы футболшы 7 желтоқсанда «Сельтаға» қарсы ойынға өтінімге енгізілгенімен, алаңға шықпады. Қайта тексерістен кейін жарақат бары анықталып, Камавинга бірнеше аптаға қатардан шығып қалды.

Бұған дейін RMC Sport және COPE басылымдары «Реал» медициналық штабы Килиан Мбаппе-нің алғашқы тексеруінде жарақат алған сол тізесінің орнына оң тізесін тексеріп қойғанын хабарлаған еді. Алайда Мбаппе бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Биылғы маусымда Камавинга «Реал» сапында барлық турнирде 34 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Эдуардо Камавинга кәсіби мансабын «Ренн» клубында бастап, 2019 жылы дебют жасаған. 2021 жылы «Реалға» ауысып, клуб сапында екі рет Испания чемпионы атанып, екі мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Франция құрамасы сапында 28 матч өткізіп, екі гол соққан. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2024 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Фото: Getty Images