Мәзір
Футбол

«Фиорентина» футбол клубының президенті Рокко Коммиссо қайтыс болды

Сабина Асқарқызы 71 қаралым
«Фиорентина» футбол клубының президенті Рокко Коммиссо қайтыс болды

Италияның «Фиорентина» футбол клубының президенті Рокко Коммиссо 76 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

Итало-америкалық кәсіпкер әрі медиа-менеджер Рокко Коммиссо «Фиорентинаны» 2019 жылдың жазында сатып алған болатын.

Ұзақ уақытқа созылған емнен кейін біздің сүйікті президентіміз өмірден озды. Бүгін баршамыз оның қазасына байланысты қайғырып отырмыз, - делінген клуб таратқан мәлімдемеде.

Қазіргі таңда Италия чемпионатының турнирлік кестесінде «Фиорентина» 20 матчтан кейін 14 ұпаймен 18-орында тұр.

Келесі турда команда 18 қаңтар күні сырт алаңда «Болоньямен» кездеседі.

Фото: Матч тв

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар