Халықаралық кәсіби футболшылар қауымдастығы (FIFPro) 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік ойыншыларынан құралған символикалық құрамды жариялады.
Бұл тізім футболшылардың өздері берген дауыстар негізінде жасалған. Ойыншылар төрт позиция бойынша – қақпашы, қорғаныс, жартылай қорғау және шабуыл – үш кандидаттан таңдау жасаған.
FIFPro нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік құрамасы
Қақпашы:
Джанлуиджи Доннарумма (Италия, ПСЖ / «Манчестер Сити»)
Қорғаушылар:
Вирджил ван Дейк (Нидерланды, «Ливерпуль»)
Ашраф Хакими (Марокко, ПСЖ)
Нуну Мендеш (Португалия, ПСЖ)
Жартылай қорғаушылар:
Джуд Беллингем (Англия, «Реал»)
Коул Палмер (Англия, «Челси»)
Педри (Испания, «Барселона»)
Витинья (Португалия, ПСЖ)
Шабуылшылар:
Усман Дембеле (Франция, ПСЖ)
Килиан Мбаппе (Франция, «Реал»)
Ламин Ямаль (Испания, «Барселона»)
Құрамда ПСЖ ойыншылары басым – Доннарумма, Хакими, Мендеш, Витинья және Дембеле тізімде.
Жылдың ең жас жұлдызы – 18 жастағы Ламин Ямаль. «Барселона» мен Испания құрамасының вундеркинді әлемнің үздік шабуылшылары арасында аталды.
Килиан Мбаппе «Реалға» ауысқаннан кейін де үздік формасын сақтауда.
FIFPro құрамасы жыл сайын футболшылар арасындағы ең беделді тұжырымдардың бірі саналады, себебі таңдауды жанкүйерлер емес, ойыншылардың өздері жасайды.
Фото: ©ФК "Реал"