457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ФИФА жыл үздіктеріне арналған жаңа сыйлық тағайындады

Жаңа марапат FIFA Best жүлдесінің орнына енгізіледі.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жыл қорытындысы бойынша үздік футболшыларды марапаттайтын жаңа сыйлықтың құрылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Жаңа марапат FIFA Best жүлдесінің орнына енгізіледі.

ФИФА бұл сыйлықты Дубайдың Спорт кеңесімен (Dubai Sports Council - DSC) серіктестік аясында табыстайтын болады. Алғашқы марапаттау рәсімі 2026 жылы Дубай қаласында өтпек. 

«2026 жылдан бастап бұл іс-шара ФИФА-ның жалғыз ресми жыл сайынғы марапаттау рәсіміне айналады. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен футболдағы ең ықпалды тұлғаларды біріктіріп, өткен жылдың үздік ойыншыларын, командаларын және футболдағы ең үздік жетістіктерін атап өтеді», - деп жазылған ФИФА мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, ФИФА 1991 жылдан бері жылдың үздік футболшысын анықтап келеді. 2009 жылға дейін ұйым жүлдені жеке өзі табыстады. 2010-2015 жылдары марапат France Football басылымымен бірлесіп беріліп, «ФИФА Алтын добы» атауына ие болды. Ал 2016 жылдан бастап екі бөлек жүлде табысталып келді: басылым нұсқасы бойынша «Алтын доп» және ФИФА нұсқасы бойынша FIFA Best.

2025 жылдың үздік футболшысы ретінде табысталған соңғы FIFA Best жүлдесінің иегері - француздық «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Усман Дембеле болды.

Фото: Global Look Press