FIFA Series турнирі алдында тағы бір футболшы ұлттық құрамаға шақырту алды
Ертең елордада халықаралық FIFA Series 2026 турнирі басталады. Аталған турнирде Қазақстанмен бірге Комор аралдары мен Намибия құрамалары ойнайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алдағы матчтар қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында өзгерістер болып, «Тобыл» футболшысы Дамир Марат ұлттық құрамаға шақырту алды.
Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы «Ордабасыға» қарсы ойында «Қайсардың» қорғаушысы Әділет Кеңесбек бұлшық етінен жарақат алды. Құрама сапына келгеннен кейін футболшы медициналық тексерістен өтті. Тексеру нәтижесіне сәйкес, Әділет алдағы ойындарға қатыса алмайды.
Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған ойыншының орнына «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Дамир Маратты шақыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаевтың да жарақатына байланысты ұлттық құрамада ойнай алмайтыны белгілі болған еді. Оның орнына Оралхан Өміртаев шақырылған.
Фото: ҚФФ
Ең көп оқылған