FIFA Series 2026 турнирі аясында өтетін Қазақстан ұлттық құрамасының Комор аралдарына қарсы матчтың билеттері олайн-сатылымға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан - Комор аралдары ойыны 31 наурыз күні 17:00-де Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Билеттер Яндекс Афиша сайтында сатылымға шықты. Құны 2500 теңгеден басталады.
Ұлттық құрамаға қолдау көрсетіп, 12-ші жанкүйер болыңыз. Біз үшін сіздің қолдауыңыз өте маңызды!
Фото: ҚФФ