Мәзір
Футбол

ФИФА Роналду ойнайтын клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салды

Сабина Асқарқызы 145 қаралым
ФИФА Роналду ойнайтын клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салды

ФИФА Сауд Арабиясының «Ан-Наср» футбол клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салды. Бұл туралы халықаралық ұйымның ресми сайтында жарияланды, деп жазады malimsports.kz. 

Ойыншыларды тіркеуге қойылған тыйым 2025 жылдың 19 желтоқсанынан бастап күшіне енген және арнайы шешім шыққанға дейін жалғаспақ. ФИФА санкция енгізудің нақты себебін ресми түрде түсіндірмеді. 

Алайда Al-Riyadiyah басылымының мәліметінше, «Ан-Наср» испаниялық қорғаушы Эмерик Лапорттың трансфері үшін ағылшынның «Манчестер Сити» клубына тиесілі 9 миллион еуро көлеміндегі төлемнің бір бөлігін уақытында орындамаған.

Айта кетейік, Эмерик Лапорт «Ан-Наср» сапында 2023–2025 жылдары өнер көрсетті. Қазіргі таңда ол Испанияның «Атлетик» клубының ойыншысы.

«Ан-Наср» командасының көшбасшысы — «Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналду. Қазір команда Сауд Арабиясы чемпионатында тоғыз турдан кейін 27 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар