457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ФИФА Ресей құрамасына қатысты шешімін жариялады

Жыл қорытындысы бойынша Ресей ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 33-орында қалды

Халықаралық футбол федерациясы  (FIFA) 22 желтоқсанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Жыл қорытындысы бойынша Ресей ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 33-орында қалды. Бұл – алдыңғы жаңартудағы көрсеткішпен бірдей нәтиже.

2025 жылы Ресей құрамасы бас бапкер Валерий Карпин жетекшілігімен 10 жолдастық кездесу өткізді. Оның ішінде:

6 жеңіс

3 тең ойын

1 жеңіліс

Ресейліктер жылдағы соңғы ойындарын қараша айында өткізді.
 

12 қарашада Санкт-Петербургте Перу құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Ал үш күннен кейін Сочиде Чилиден 0:2 есебімен жеңілді. Бұл нәтиже Карпин шәкірттері үшін соңғы төрт жылдағы алғашқы жеңіліс болып тіркелді.

Айта кетейік, 2022 жылдың 28 ақпанынан бастап Ресейдің ұлттық құрамалары мен клубтары UEFA және FIFA аясындағы барлық ресми жарыстардан шеттетілген. Осыған байланысты Ресей құрамасы әлі де тек жолдастық кездесулермен шектеліп келеді.

Фото: Ресей футбол одағы