457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

FIFA пенальти ережесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) айып добын орындау тәртібіне жаңа өзгеріс енгізуі мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жоспарға сәйкес, егер қақпашы соққыны қайтарса немесе доп қақпадан серпілсе, айып добын орындаған футболшы оны қайта тебуге құқылы болмайды. Дегенмен, ереже доп қақпа бағанасына тигеннен кейінгі жағдайға әсер етпейді.

Бұл өзгерістердің күшіне енуі үшін алдымен Халықаралық футбол ассоциациясы кеңесі (IFAB) мақұлдап, кейін тәжірибелік сынақтан өткізуі қажет.

Айта кетейік, бұған дейін FIFA әлем чемпионатына қатысушы командалардың санын арттыру жоспарын жариялаған еді.

Фото: FIFA