ФИФА клубтарға уәде еткен 250 миллион долларды әлі аудармаған
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатыспаған клубтарға төленуі тиіс 250 миллион АҚШ доллары әлі аудармаған, деп хабарлайды malimsports.kz.
Daily Express басылымының мәліметінше, аталған қаражат турнирден түскен табыстың бір бөлігін әлемдегі кәсіби клубтар арасында теңдей бөлу үшін қарастырылған. Мұндағы мақсат – клубтар арасындағы қаржылық теңгерімсіздіктің күшеюіне жол бермеу.
Бастапқы жоспарға сәйкес, әрбір жоғары дивизион клубы шамамен 50 мың фунт стерлинг (67,5 мың АҚШ доллары) көлемінде өтемақы алуы тиіс еді. Алайда басылымның мәліметінше, әзірге бұл қаражаттың ешқайсысы клубтардың шотына түспеген.
Еске салайық, клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2025 жылдың 14 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өткен еді. Жаңартылған формат бойынша алғаш рет 32 команда қатысқан турнирдің финалында Англияның «Челсиі» Францияның «Пари Сен-Жерменін» 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын.
Сонымен қатар Daily Express басылымы 2029 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының тағдыры да әзірге толық айқындалмағанын жазады. Турнирді қабылдайтын ел ресми бекітілмеген, сондай-ақ ФИФА мен Еуропаның жетекші клубтары арасында қатысу форматына қатысты ортақ келісім әлі жасалмаған.
Қазіргі таңда турнирді өткізуге Аустралия мен Жаңа Зеландия, Бразилия, Германия, Мексика және Англия қызығушылық танытып отыр. Алайда басылым мәліметінше, басты үміткерлер қатарында Қатар мен АҚШ қарастырылып жатыр.
Фото: Robert Hradil / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған