457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ФИФА Иран жанкүйерлеріне арналған билеттер квотасын тоқтатты

Қазіргі уақытта ФИФА бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионаты матчтарына Иран жанкүйерлеріне бөлінген арнайы билет квотасының күшін жойды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы Иран футбол федерациясы (FFIRI) мәлімдемеді. 

Әлем чемпионатына қатысатын 48 құраманың әрқайсысының ұлттық федерациясына стадиондардағы орындардың 8 пайызы көлемінде билет алу және оны өз жанкүйерлері арасында тарату құқығы беріледі. Әдетте бұл әр матчқа бірнеше мың билеттен келеді.

Алайда турнирдің басталуына санаулы күн қалғанда Иран футбол федерациясы өз жанкүйерлеріне билет ұсыну мүмкіндігінен айырылғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ФИФА бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Өткен жылдан бері АҚШ енгізген көші-қон шектеулері Иран азаматтарына да әсер етіп келеді. Осыған байланысты көптеген ирандық жанкүйердің әлем чемпионаты өтетін АҚШ аумағына кіру визасын алуы қиынға соғуы мүмкін.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың желтоқсанында өткен жеребеден кейін Иранға бөлінген квота аясында қанша билет сатылғаны әзірге белгісіз. Оның ішінде АҚШ-та тұратын Иран диаспорасының өкілдері де болған.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусымда басталады. Турнирді Мексика, АҚШ және Канада қабылдайды.

Иран құрамасы G тобында өнер көрсетеді. Топтық кезеңде олар Жаңа Зеландия, Бельгия және Египет құрамаларымен кездеседі. Иран құрамасының барлық матчтары АҚШ аумағында өтеді.

Фото: Getty Images