ФИФА Доннарумманы жылдың үздік қақпашысы деп таныды
ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік қақпашысы атағы италиялық голкипер Джанлуиджи Доннаруммаға берілді. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
The FIFA Best сыйлығын табыстау рәсімі 16 желтоқсан күні Қатар астанасы Дохада өтеді.
Өткен маусымда Доннарумма «Пари Сен-Жермен» клубы сапында Франция чемпионаты мен Франция кубогын, сондай-ақ Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Қыркүйек айында ол ағылшынның «Манчестер Сити» клубына ауысқан болатын.
Айта кетейік, былтыр ФИФА-ның үздік қақпашы жүлдесі Аргентина құрамасы мен «Астон Вилла» клубының қақпашысы Эмилиано Мартинеске бұйырған еді.
Сонымен қатар, Доннарумма биыл France Football журналы тағайындайтын Лев Яшин атындағы «Жылдың үздік қақпашысы» сыйлығын да иеленіп, «Алтын доп» рейтингінде үздік атанды.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған