457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ФИФА басшысы ресейлік командаларға салынған шектеулерді қайта қарауды ұсынды

ФИФА президенті ұйым жарғысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін де атап өтті.

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантино ресейлік командаларды халықаралық турнирлерден шеттету мәселесін қайта қарау қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Sky News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Инфантиноның пікірінше, енгізілген тыйым күтілген нәтижені бермеген.

«Біз мұны қарастыруымыз керек. Өйткені бұл шектеулер еш нәтиже бермеді, керісінше, одан әрі көңілсіздік пен өшпенділікті күшейтті», – деді ФИФА басшысы.

Оның айтуынша, Ресейден шыққан балалар мен жасөспірімдердің Еуропаның басқа елдерінде футбол ойнауына мүмкіндік беру пайдалы болар еді. Сондай-ақ Инфантино Израиль құрамаларын жарыстардан шеттетуге де қарсы екенін айтып, мұндай шешімді «жеңіліс» деп бағалады.

ФИФА президенті ұйым жарғысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін де атап өтті. Оның сөзінше, ФИФА «саяси көшбасшылардың әрекеттеріне байланысты ешбір елге футбол ойнауға тыйым салмау керек» деген қағиданы бекітуі тиіс. Ол футбол арқылы халықаралық байланыстарды сақтап қалу маңызды екенін де қосты.

Айта кетейік, Ресей құрамалары мен клубтары 2022 жылы ФИФА және УЕФА жарыстарынан шеттетілген болатын. The Times басылымының хабарлауынша, ФИФА кеңесі бұл мәселе бойынша әзірге дауыс беру өткізуді жоспарлап отырған жоқ.

2023 жылы ФИФА Ресейдің 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар құрамаларына салынған тыйымды алып тастағанымен, іс жүзінде шектеулер сақталды. Себебі Ресейдің жасөспірімдер командалары УЕФА іріктеу турнирлеріне қатыса алмады. Атап айтқанда, Англия, Украина, Польша және Швеция құрамалары ресейлік командалармен ойнаудан бас тартқан.

Сонымен қатар Джанни Инфантиноның есімі украиналық «Миротворец» сайтының базасына енгізілді. Ресурс мәліметінше, оған Украинаға қарсы «гуманитарлық агрессияға қатысу» және «ақпараттық-насихаттық арандатулар» жасады деген айып тағылған.

2014 жылы құрылған «Миротворец» сайты Қырым, Донбасс аймақтарына барған немесе ресурс авторлары тарапынан теріс баға алған адамдардың жеке деректерін жариялап келеді.

Фото: © NurPhoto / Contributor / NurPhoto / Gettyimages.ru