457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ФИФА басшысы Инфантино дау тудырған шешімнен кейін көпшілік алдында кешірім сұрады

Марокконың Рабат қаласында Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) кеңесінің отырысы өтіп, ұйым басшылығы бірқатар маңызды мәселелерді қарады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жиын қорытындысында кеңес мүшелері FIFA президенті Джанни Инфантиноға қолдау білдіріп, оның ұйымға мүше 211 ұлттық қауымдастықтың дауыс беруі арқылы сайланған жалғыз лауазымды тұлға екенін атап өтті.

Отырыстың басты жаңалығы – Джанни Инфантино мен оның командасының көпшілік алдында кешірім сұрауы болды. FIFA таратқан мәлімдемеде ұйым жіберілген кемшіліктер үшін өкініш білдіріп, мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін қажетті шаралар қабылданатынын хабарлады.

Сондай-ақ федерация оқиғаға қатысты ішкі тексеріс жүргізілетінін, оның нәтижесі FIFA кеңесінің келесі жоспарлы отырысында ұсынылатынын мәлімдеді. Ұйым өз қызметінің ашықтығы мен тиімді басқару қағидаттарына адал екенін атап өтіп, негізсіз айыптауларға жол бермейтінін және қажет болған жағдайда беделін қорғау үшін құқықтық тетіктерді пайдаланатынын жеткізді.

FIFA өкілдері қалыптасқан жағдайдан қорытынды шығарып, ұйымның басқару және коммуникация жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыратынын айтты. Сонымен қатар қабылданған барлық шешімдер қолданыстағы нормативтік талаптарға толық сәйкес қабылданғаны атап өтілді.

Еске салайық, шамамен он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарын сатуға қатысты жоба жарияланып, халықаралық футбол қауымдастығының сынына ұшыраған еді. Кейбір конфедерациялар бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырғаннан кейін Джанни Инфантино аталған бастамадан бас тарту туралы шешім қабылдады.

 

Фото: AFP 2023 / WILLIAM WEST