ФИФА әлем чемпионаты матчтарына су алып кіруге қайта рұқсат берді
ФИФА жанкүйерлерге әлем чемпионаты матчтарына су құйылған пластик бөтелке алып кіруге рұқсат берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) сыннан кейін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарына көрермендердің суы бар пластик бөтелке алып кіруіне қайтадан рұқсат берді.
Жаңа ережеге сәйкес, әрбір жанкүйер стадионға көлемі 560 миллилитрден аспайтын, зауыттық қаптамадағы бір жұмсақ пластик бөтелке су алып кіре алады. Ал қауіпсіздік талаптарына байланысты қатты материалдан жасалған герметикалық су құтыларын алып кіруге тыйым салынады.
Бастапқыда ұйымдастырушылар стадиондарға тек бос әрі мөлдір пластик бөтелкелерді алып кіруге рұқсат берген болатын. Кейін бұл талаптар қатаңдатылып, түрлі ыдыстарды, соның ішінде стақандар мен металл банкаларды алып кіруге де шектеу қойылған еді.
Бұл шешім жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Себебі әлем чемпионаты өтетін кейбір стадиондарда ауа температурасы 26-28 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар стадион ішіндегі ауызсуға қолжетімділік мәселесі де көпшіліктің алаңдаушылығын туғызған.
Осыған байланысты ФИФА өз шешімін қайта қарап, ережеге өзгеріс енгізді.
Нью-Йорк қаласының мэрі Зохран Мамдани бұл шешімді қолдап, ешбір жанкүйер жоғары бағаға байланысты ауызсудан қағылмауы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген көрермен матч басталғанша аптап ыстықта бірнеше сағат күтуге мәжбүр болады.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Фото: Getty Images
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған