Мәзір
Футбол

ФИФА 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының рекордтық жүлде қорын жариялады

Сабина Асқарқызы 101 қаралым
ФИФА 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының рекордтық жүлде қорын жариялады

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жүлде қорын айтарлықтай молайтты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

ESPN дерегінше, әлем біріншілігінің жалпы жүлде қоры 655 миллион АҚШ долларын құрайды. Топтық кезеңнен аса алмаған құрамалардың өзі 9 миллион доллардан алады. Ал финалға шыққан командаларға 33 миллион долларға дейін сыйақы қарастырылған.

Салыстыру үшін айта кетсек, 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Аргентина құрамасы 42 миллион доллар иеленген болатын. Ал 2018 жылы Ресейде өткен мундиальда топ жарған Франция құрамасы 38 миллион доллар табыс тапқан.

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар