457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ФИФА: 2025 жылы клубтардың трансферге жұмсаған қаражаты рекорд жаңартты

Кәсіби ерлер футболында клубтардың шығыны 13,08 млрд долларды құрады.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жариялаған есепке сәйкес, 2025 жылы футбол клубтары трансферлерге рекордтық 13,1 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Ерлер, әйелдер және әуесқой футболды қоса алғанда, халықаралық деңгейде 86 158 трансфер тіркелген, деп хабарлайды malimsports.kz

Кәсіби ерлер футболында клубтардың шығыны 13,08 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 52,3 пайызға артық. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2023 жылы тіркеліп, ол кезде трансферлерге 9,66 млрд доллар жұмсалған болатын.

2025 жылы ойыншыларға ең көп қаржы жұмсаған клубтардың қатарына «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Челси» кірді. Жылдың ең ірі келісімдері «Ливерпуль» клубымен байланысты болды. Атап айтқанда, Александер Исак 172 млн долларға, Флориан Вирц 145 млн долларға және Юго Экитике 113 млн долларға ауысты. Ал ең жиі кездескен трансфер бағыты - Бразилия клубтарынан Португалияға ойыншылардың ауысуы болды.

Әйелдер футболында да трансфер нарығы айтарлықтай өсті. 2025 жылы 2 440 ауысу тіркеліп, клубтардың жалпы шығыны 28,6 млн долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 80 пайыздан астам өсім көрсетіп отыр. Әйелдер футболында ең көп трансфер Ресей мен Беларусь клубтары арасында жүзеге асқан.

ФИФА мәліметінше, трансферлік төлем жасаған клубтар саны алғаш рет 1 214-тен асса, өтемақы алған командалар саны 1 495-ке жеткен. Бұл қаржының бір ойыншының бірнеше бұрынғы клубы мен академиялары арасында бөлінуімен байланысты болып отыр. 

Фото:  Getty Images