457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының тізгінін жаңа маман ұстауы ықтимал. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2006 жылғы «Алтын доп» иегері, Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Фабио Каннаваро бас бапкер қызметіне тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz.

Championat.asia дерегінше, Өзбекстан футбол қауымдастығының басшылары қазір 52 жастағы италиялық маманмен келіссөздерді Италияда жүргізіп жатыр.

Каннаваро соңғы рет Хорватияның «Динамо Загреб» клубын жаттықтырған. Бұған дейін ол Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында, Қытайдың бірнеше командасында, сондай-ақ Қытай ұлттық құрамасында, Италияның «Беневенто» және «Удинезе» клубтарында бапкерлік қызмет атқарған.

Айта кетейік, 2025 жылдың ақпанынан бері Өзбекстан құрамасын Тимур Кападзе баптап келеді. Оның жетекшілігімен құрама тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.

Жаңа бапкер тағайындалған жағдайда, Каннаваро Кападзенің орнын басуы мүмкін.

 

Фото: © VCG / Contributor / Visual China Group / Gettyimages.ru