Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасынан сегіз ойыншыны шеттетті
Өзбекстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Фабио Каннаваро Уругвайға қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Championat.Asia.
Бапкер алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысқан бірнеше футболшыға демалыс беріп, олардың орнына жаңа ойыншыларды шақырған.
Алғашқы тізімнен Сайфиев, Хамробеков, Файзуллаев, Абдумажидов, Рахмоналиев, Абдураззоков, Хожимиразев және Турдимуродов шеттетілді. Олардың орнына Жиянов пен Норчаев шақырылды.
Жолдастық матч 13 қазан күні Малайзияның Малакка қаласында өтеді.
Айта кетейік, Уругвай құрамасы - әлем чемпионы атағын екі рет иеленген мықты команда.
Фото: ©instagram.com/uzbekistanfa
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған